Игі істе әрдайым бастамашы болған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Тайқазан" жобасын ұйымдастырып, барлық өңірде соның аясында "ҚМДБ - қайырымдылық жаршысы" атты марафоны өтті.
Аталған қайырымдылық шарасы Байзақ ауданында да жалғасын тауып аудан имамы Рамиз қажы Азизов бастаған дін мамандары мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті.
Азық-түлік толы себеттерді мешітте үлестіріп және келе алмаған отбасылардың үйіне жеткізді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі