Қайырымдылық - адам жүрегінің нұры, адамгеріліктің негізі. Бұл игі амал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бекіткен басты бағыттарының бірі. Осы мақсатта кезекті игі ауқымды "Тайқазан" жобасы бас көтеріп, барлық өңірлерде қайырымдылық шарасы жасалды.
Облыстан бастау алған "ҚМДБ - қайырымдылық жаршысы" марафоны Меркі ауданында да жалғасын тауып, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, мұқтаж 46 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды.
Ауданның бас имамы Батырбек Қасымалиев өңір мешіттерін жұмылдырып, ауылдағы мешітке келе алмаған отбасыларға көмек үйге жеткізілді. Шараға аудан бойынша 460 мың қаражат жұмсалды.
Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі