Республикалық "Тайқазан" жобасы аясында Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінен бастау алған "ҚМДБ - қайырымдылық жаршысы" марафоны Жамбыл ауданында жалғасын тауып, ауылдық 15 мешітте тұрғындарға көмек көрсетілді.
Азық-түлік толы себеттер көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен 210 отбасыға табысталды. Көмек мешітте, ал келе алмаған жанұялардың шаңырағына апарып берілді.
Іс-шараның басында ауданның бас имамы Ғайырфулла Әмірбеков ұйытқы болып жүріп, ауыл имамдарымен бірге жәрдемді жеткізді.
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі