Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Тайқазан» жобасы бойынша «ҚМДБ - қайырымдылық жаршысы» атты ауқымды республикалық марафоны басталды.
Аталмыш марафонға Талас аудандық "Қажы би Қаратау" мешітінің және ауданға қарасты барлық 6 мешіт қызметкерлері де ат салысып, ауылдарда тұратын жағдайлары төмен және мүмкіндігі шектеулі 40 отбасының есігін қағып, қажетті тұтынатын қап толы азық-түлік үлестірді.
Талас аудандық "Қажы би Қаратау" мешітінің баспасөз қызметі