Қайырымдылығымен сан мыңдаған адамның жүрегін жылытып, талайлаған мұқтаждың қуанышына айналған қазақтың қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тағы бір игі бастаманы қолға алды.
Осы республикалық "Тайқазан" жобасы аясында Жамбыл облысында "ҚМДБ - Қайырымдылық жаршысы" атты марафон бас көтерді. Аталған қайырымдылыққа үн қосып Қордай ауданына қарасты барлық ауыл мешіттерінің атсалысуымен 25 отбасыға көмек көрсетілді.
Азық-түлік толы себеттер мешітке келуге мүмкіншілігі болмаған тұрғындардың үйіне жеткізілді. Әлеуметтік жағайы төмен, жалғызбасты, көпбалалы жанұялар көрсетілген қайырымдылық жәрдемі үшін алғыс білдірді. Шараның басы-қасында ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы болды.
Айта кетейік, шараға аудан бойынша 150 мың теңге қаражат жұмсалды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
Қорай аудандық мешітінің баспасөз қызметі