#Шу: "Тайқазан" қайырымдылық марафоны Шу ауданында жалғасын тапты

#Шу: "Тайқазан" қайырымдылық марафоны Шу ауданында жалғасын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі - өзгенің мұңын бөлісіп, қиналғанда демеу болып, жанынан табылу. Көмек қолын созып, жүзіне күлкі сыйлау. Қайырым қылсаң, қайырын өзің көресің.

Өткенді еске алмасаң, болашақты болжай алмайсың дегендей, өткен жылы Шулық дін мамандар көп деген қайырымдылық науқанын ұйымдастырып, көптің көңілін тауып, баталарын алған болатын. Биылғы жыл да қайырымдылықпен басталды.

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Тайқазан» жобасы бойынша «ҚМДБ - қайырымдылық жаршысы» атты ауқымды республикалық марафонын өткізу жоспарланған болатын. Аталмыш марафонға Шу аудандық "Төле би" мешітінің және ауданға қарасты барлық 23 мешіт қызметкерлері де ат салысып, ауылдарда тұратын жағдайлары төмен және мүмкіндігі шектеулі 47 отбасының есігін қағып, қажетті тұтынатын қап толы азық-түлік үлестірді.

Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дегендей, аталмыш шараға ат салысқан азаматтарымызға Алла разы болғай дейміз. Жалпы қайырымдылыққа жұмысалған қаражат саны 578.000  теңгені құрады. Алдағы уақытта да осындай кең ауқымді іс-шара жалғасын таппақ.

 Талғат Кәрібайұлы

                         Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: