Жамбыл облысы: "Тайқазан" марафонында 700 адамға азық-түлік себеттері жеткізілді

Жамбыл облысы: "Тайқазан" марафонында 700 адамға азық-түлік себеттері жеткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыттарының бірі - қайырымдылық екені күллі алашқа аян. Бұл мақсатты ту етіп түрлі игі бастамаларды көтеріп, үйсіз жандар баспаналы болып, өзге де мұқтаждықтары бар жанұяларға көмек көрсетіліп келеді.

Осындай жақсы іске мұрындық болып ҚМДБ басшылығы мен "Зекет" қоры республика бойынша "Тайқазан" жобасын бастады.

Аталған жоба негізінде Жамбыл облысында "ҚМДБ - Қайырымдылық жаршысы" атты марафон өтті. Шараға орталық "Һибатулла Тарази" мешітінен бастау алып, облыс бойынша қала, аудан, ауыл мешіттері - барлығы толығымен қамтылды. Өңірде әлеуметтік жағдайы төмен 700 адамға азық-түлік толы қайырымдылық себеттері табысталды.

Облыстық мешітте  ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен дін мамандары мешітке келген отбасыларға табыстаса, келе алмағандарына үйді-үйге жеткізілді.

Мұндай көмекке көңілдері көтерілген отбасылар, шын жүректен алғысын айтты. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: