Абдуррахман ибн Әбу Бәкір былай дейді: «Бір күні кешкісін бізге қонақтар келген еді. Әкем Алланың елшісімен сөйлесіп келемін деп, сыртқа шығып бара жатқан болатын. Сол кезде маған: «Абдуррахман, қонақтарға тамақ бер», – деді.
Ас дайын болған соң, дастарқан жайдық. Бірақ қонақтар дәмге қол созбады. «Біз үй иесі келмей, дәм алмаймыз», – деді. Сонда мен: «Егер тамақ алмай, осылай отыра берсеңіздер, әкем маған ашуланады», – дедім.
«Жоқ, әкең келмейінше, ауыз тимейміз», – деп тұрып алды. Сол арада әкем де келіп кірді. Тамаққа әлі ешкімнің қол созбағанын көріп, менен мұның мәнісін сұрады. Мен болған жайтты түсіндірдім: «Уаллаһи, менің айыбым жоқ. Асты алдарына қойдым, бірақ сіз келмей бастамаймыз деді». Әкем қонақтарға қарап: «Неге алдарыңызға қойылған астан бас тарттыңыздар? Уаллаһи, мен де аузыма бір түйір алмаймын», – деді. Қонақтар: «Уаллаһи, сіз жемесеңіз, біз де жемейміз», – деді.
Әкем: «Мұндай ыңғайсыз жағдайға бұрын-соңды тап болмаппын. Неге жемейсіңдер?», – деді. Әкем: «Алғашқы сертімді шайтанның азғыруымен айтқан едім», – деді де, асты алдыртып, «бисмиллаһ» деп, табаққа алдымен қол созды. Осыдан соң келген қонақтар да дәмнен ала бастады».
Таң атқанда, әкем Алланың елшісіне барып: «Уа, Расулаллаһ! Олар берген уәдесінде тұрды. Бірақ мен тұра алмадым», – деді. Алла елшісі: «Жо-жоқ, сен олардан да абзалсың», – деді. Тіпті әкемнің ол сертін бұзғаны үшін кәффарат өтегенін де естімедім.