Абдуррахман ибн Хаббаб әс-Сәламидің риуаяты бойынша, Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Тәбукке әскер жасақтау үшін, сахабалардан көмек көрсетулерін сұрады. Осман (р.а.): «Мен жәрдемге жүз түйені жүгімен қоса атадым», – деді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) мінберден бір саты төмен түсіп жамағатты игі іске ортақтасып, сауап алуға шақырды. Бұл жолы да Осман (р.а.) суырылып алға шықты да: «Тағы жүз түйені жүгімен қоса атадым», – деп сөз берді. Османның бұл көзсіз мәрттігіне риза болған Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қуана дауыстап: «Османның бұдан кейін жасайтын істері ақыретте табысқа кенелуіне ешқандай кедергі жасай алмайды», – деп, осы сөзін үш рет қайталаған еді.
asyldin.kz