Әнәстің (р.а.) риуаяты бойынша, бірде Алла елшісі мешітке кіреді. Үстінде Нәжранда (Йеменге жақын аймақ) тоқылған қалың шапан бар болатын.
Бір бәдәуи ту сыртынан келіп, Пайғамбарымыздың шапанын ұстап өзіне қарай тартты. Қатты тартқаны соншалық – Пайғамбарымыздың мойны қанталап кетеді.
Әлгі бәдәуи: «Әй, Мұхаммед! Алланың саған берген дүниесінен маған да бер», – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бәдәуиге бұрылып, күлімсіреді де: «Оған сұрағанын беріңдер», – деді.
asyldin.kz