Әбу Зәрр (р.а.) былай деген екен: «Аллаға ант етем, егер де менің білгенімді білсеңдер, әйелдеріңмен жақындаспақ түгіл, төсектеріңде жата алмас едіңдер. Алла мені адамнан гөрі томар немесе жемісі желінген ағаш етіп жаратқанда ғой!».
Әбу Дәрда (р.а.) былай депті: «Өлімнен кейін не күтіп тұрғанын білсеңдер, тәбеттерің тартып тамаққа бас қоймақ түгіл, бір жұтым су ішуге зауықтарың соқпас еді. Жылы төсектеріңді тастап қашар едіңдер. Көпшілік жиналған жерге барып, бір-біріңе мұң шағып, көз жастарыңа ерік берер едіңдер. Әттең, Алла мені кесілген және жемісі төгіліп, қураған қу ағаш етіп жаратқанда ғой!».
asyldin.kz