Хузайфатул-Яманидің қарапайымдылығы

Хузайфатул-Яманидің қарапайымдылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Мұхаммед ибн Сирин былай әңгімелейді: «Омар (р.а.) халифа болып тұрған кезінде, аймаққа елді ұйымдастыра алатын, басқару қабілеті бар, қолынан іс келеді-ау деген адамдарды әкім етіп тағайындар алдында сол жердің халқымен санасып, кімді тағайындағанын айтып, бұйрығымен таныстыратын. Сондай-ақ, сол бұйрыққа «Бұл әкім сендерге әділ болған жағдайда ғана оған мойынсұныңдар», – деп міндетті түрде жаздыратын.

Алланың елшісі және сахабалардың көркем мінезі мен әдеттері Хузайфаны (р.а.) Мәдаинге әкім етіп тағайындағанда да, жазбаша бұйрықта: «Оған мойынсұныңдар, қажеттілігін қанағаттандырыңдар», – деп жазылған екен. Хузайфа жол азығын есекке артып, Мәдинадан жолға шықты. Қолында бір үзім наны мен бір жапырақ еті ғана қалған Хузайфаны сол қаланың халқы мен бетке тұтар адамдары күтіп алды.

Ол Мәдаин тұрғындарына хазірет Омардың хатын оқып берді. Мәдаин халқы: «Бізден қалағаныңды сұра», – деді. Хузайфа: «Мені ішіп-жемнен тарықтырмай көлігіме қарайлассаңыздар болғаны», – деді. Хазірет Омар Хузайфаны едәуір уақыт өткен соң өзіне шақыртады.

Хузайфа Мәдинаға жақындағанда, хазірет Омар жолдың жиегіне жасырынады. Жалғыз есегінен басқа түгі жоқ қалай кетсе, солай қайтқанына қарап Хузайфаның адалдығына көзі жеткен Омар (р.а.) жасырынған жерінен атып шығып, оны бас сап құшақтайды: «Сен менің бауырымсың, мен де сенің бауырыңмын!», – деп балаша қуанды».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: