Әбу Зәррдің өсиеттері

Әбу Зәррдің өсиеттері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сүфиян Сурәи әңгімелейді: «Қағбаның жанында отырған болатынбыз. Әбу Зәрр әл-Ғифари (р.а.) орнынан түрегеліп былай деді:

– Уа, халайық! Мен ғифарлықпын. Сіздерге жақсылық ойлап жүрген бір жанмын. Бері келіңіздер, сіздерге айтарым бар», – деді. Ел жиналған соң Әбу Зәрр:

– Біреуіңіз сапарға шықсаңыз пайдалы, әрі жеткілікті мөлшерде азық-түлік әзірлейсіздер ғой. Солай емес пе? – деп сұрады. Барлығы бір ауыздан: – Әлбетте, солай.

– Олай болса, ақырет сапары сіздердің мына дүниедегі соқтықпалы соқпағыңыздан әлдеқайда ұзақ жол әрі қиын. Ақыреттік өмірлеріңізге пайдасы тиетін азық әзірлеңіздер. Қаумалаған жұртшылық әлі де түсініңкіремей:

– Ақыреттік өмірде бізге не пайдалы? – деп сұрады.

– Ертең үріккен қойдай ығып, үрейленбес үшін Қағбаны зиярат етіңіздер. Махшардағы тым ұзақ әрі аптап ыстықта қалмаудың қамын күйттеп, ораза ұстаңыздар. Қабір азабы мен ондағы қара түнек жалғыздықтан құтылғыларыңыз келсе, түнде ұйқыңызды қиып, екі рәкат намаз оқыңыздар. Кірерге тесік таппайтын сол үлкен сұрақ-жауап майданын еске алып, жақсы сөз сөйлеңіздер немесе үндемеңіздер.

Тірсегің қиылатын қиямет қиыншылықтарынан құтылу үшін мал-мүліктеріңізден садақа беріңіздер. Уақыттарыңызды үнемдеңіздер әрі жоспарлаңыздар. Уақытыңыздың бір бөлігін ақыреттік өмірлеріңіз үшін жұмсаңыздар. Ал келесі бір бөлігін адал ризық табуға арнаңыздар. Үшіншісінің сіздерге зиянынан басқа пайдасы болмайды.

Оны қаламаңыздар. Сөз орайы келгенде айта кетейін, табысыңыз екі дирхам болса, біреуін бала-шағаңызға жұмсап, екіншісін ақыреттік қорыңызға жіберіңіздер. Ал үшіншісінің зиянынан басқа пайдасы жоқ. Оған ұмтылмаңыздар. Осыдан кейін Әбу Зәрр бар даусымен айғай салып:

– Уа, халайық! Қолыңыз жетпейтін игіліктерге деген құштарлықтарыңыз бен келешекке құрған боларболмасы екіталай жоспарларыңыз түптеріңізге жетіп жүрмесін, – деді».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: