ҚҰРАНДЫ НЕ ҮШІН ОҚИМЫЗ?

ҚҰРАНДЫ НЕ ҮШІН ОҚИМЫЗ?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Өзінің құлдарына: "Ендеше Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар!" деп бұйырған. ("Муззаммил" сүресі, 20-аят)

Біз Алла Тағаланың әміріне бой ұсыну үшін Құранды оқимыз. Төменде осыған қатысты көптеген мақсаттарымыздың бірқатарына тоқталып көрелік:

1. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өсиеттеріне амал қылу үшін оқимыз.

2. Тура жолдан адасып кетпеуіміз үшін оқимыз.

3. Алланың сүйген құлдарының қатарында болуымыз үшін оқимыз.

4. Періштелер мәртебесіне (құрметіне) жетуіміз үшін оқимыз.

5. Жүректерімізді пәктеп, тазалауымыз үшін оқимыз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Темірді тат басқанындай, жүректі де тат басады" деді, сол кезде сахабалар: "Уа Алланың Елшісі, жүректер татын қалай кетіруімізге болады?" - деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Өлімді көп еске алу және Құранды көп оқу арқылы", - деді.

6. Уайым-қайғыларымыздан арылу үшін Құранды оқимыз.

7. Жүректеріміз тыныштықта, еліміз амандықта болу үшін Құранды оқимыз.

8. Екі дүниеде де жүздеріміз нұрлы болу үшін Құранды оқимыз.

9. Қараңғылықта (надандықтан арылу үшін) қалып қалмауларымыз үшін Құранды оқимыз.

10. Таудай үлкен сауаптарға кенелуіміз үшін Құран оқимыз. Құранның әр бір аятын оқығанымыз үшін 10 (он) сауаптан аламыз. Егер Құран Кәрімді басынан аяғына дейін толық оқып шығатын болсақ, оқыған адамға (қазіргі тілмен айтатын болсақ) 3 (үш) миллионнан артық сауап аламыз.

11. Мүмін пенделердің ең абзалы болып саналуымыз үшін оқимыз.

12. Қолында мал-дүниесі бар адам байлығына сүйенеді. Өзінде мансабы бар адам өзінің атақ-даңқына сүйенеді. Ал Құран оқыған адам болса, Алланың Кәләмі аузында, жүрегінде болғаны үшін басы көкке жетеді. Тек бұл өмірде ғана емес, ақыретте де бақытты болады.

13. Бізге жақсылық есіктері ашылуы үшін Құран оқимыз. Құран оқыңыз, жолыңыз ашық, көңіліңіз тыныштықта болады.

14. Үйлерімізді нұрға толтыру үшін оқимыз.

15. Қарттық келгенде нашар жағдайға тап болмауымыз үшін оқимыз.

16. Дажжалдың азығыруынан аман болуымыз үшін оқимыз. Хадисте: "Кімде-кім "Кәһф" сүресінің бас жағынан 10 (он) аят жаттаған болса, Дәжжаллдың фитнасынан (азғыруынан, бүлігінен) аман болады".

17. Ата-аналарымыз Алланың рахметіне бөленулері үшін оқимыз.

18. Қабір азабынан сақтануымыз үшін оқимыз. Хадис Шәріпте: "Мүлік сүресі пендені қабір азабынан сақтайды", - деп айтылған.

19. Қияметте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағатына бөленуіміз үшін оқимыз.

20. Жәннаттағы дәрежелеріміз жоғары болу үшін оқимыз.

Біздер мүмін-мұсылман пенделер әрбір ізгі істерді Алланың разылығы үшін орындаймыз.

Құран оқудағы ең басты мақсатымыз - Алла Тағаланың разылығын табу.

Ү.Сабырханов

Луговой ауылы, Т.Рысқұлов ауданы

"Әл-Хақ" мешітінің имамы

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: