Зәйд ибн Әрқам былай әңгімелейді: «Бір яһуди Алла елшісін сыртынан дуалатып, соның әсерінен Расулаллаһтың мазасы қашқан болатын. Сонда Алланың қалауымен Жәбірейіл періште келіп: «Яһудилердің біреуі сені сыртыңнан дуалап тастады. Ол дуаларын жіпке оқып түйіндеп, пәлен деген жердегі құдыққа жасырып қойды. Біреуді жіберіп, сол түйінді алдыр», – деді.
Пайғамбарымыз мұны Алиге (р.а.) тапсырады. Хазірет Али түйінді құдықтан тауып алып келгеннен кейін, Пайғамбарымыз оны өз қолымен шешті. Түйін шешіліп жатқанда, Пайғамбарымыз өзін шырмаудан босап жатқандай сезінген еді. Алайда Алла елшісі өзін дуалаған яһудиге ләм-мим деп тіл қатпады. Тіпті Алла елшісі бұл жайында оған сол күйі сездірмей кетті».
asyldin.kz