#Жамбыл: Дін жанашырлары алғыс хат алды

#Жамбыл: Дін жанашырлары алғыс хат алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Мешіт – мұсылман қауымның Жаратушы иемізге кіршіксіз құлшылық жасап, шынайы тәубеге келетін, жабырқаған жанына жұбаныш табатын,  арман-тілегін Аллаға ақтарып, дұға тілейтін мінажат үйі. Ал осы мешіттің ішіне кішкене бір жағдай жасаған адамның сауабы мол екені жайлы хадистерден білеміз.

Сондай жандардың бірі - Түріксіб ауылдық мешітінің жамағаты, дін жанашыры Болат Айдарбеков пен "Бәйдібек" мешітінің жамағаты Әбсаттар Досжан. Алла үйінде өтетін барлық іс-шараларда белсенділік танытып, имамға қолғабыс болып, көпшілікке қайырымдылық жасап, жамағатты ауызбірлікке шақырып жүрген азаматтар ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың алғыс хатымен марапатталды.

Аталған құрметті ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы табыстап, дін жанашыларына өз рақметін білдірді.

 Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: