Шу ауданы бойынша дін мамандарының жылдар бойы жарыса атқарып келген жұмыстары жетерлік. ҚМДБ күллі қазақ елінің рухани қара шаңырағы құрылғанынан бастап осы күнге дейін, дін саласында ерең еңбек етіп, көп деген шәкірттер дайындап, күннің ыстық-суығына қарамай, қайырымдылық жұмыстарында етене ат салысып, бар жан-тәнімен қызмет атқаруда.
Жақсының жықсылығын айт нұры тасысын дегендей, 20 жылдан аса қызмет атқарып келген аудан және ауыл имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Бейбіт қажы Әліпбайұлының «Ерен еңбегі үшін» алғыс хатымен марапатталды.
Аудандық "Төле би" мешітің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы имамдардың басын құрып, Бейбіт қажы Әліпбайұлының марапатын табыстап, құттықтады. Алдағы уақытта атқарылу керек болған 4 бағыт жұмыстарды талқылап, істеріне сәттілік тіледі.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі