#Тараз қалалық имамдары 1 айда 48 рет уағыз жүргізді

#Тараз қалалық имамдары 1 айда 48 рет уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемге тараған «COVID-19» қатерлі індеті салдарынан мешіт жұма мінберлерінің бос қалғандығы белгілі. Алайда елімізде орын алған осы күрделі жағдайға қарамастан Тараз қалалық имамдары ү.ж. желтоқсан айында Facebook, Instagram және YouTube парақшаларында "Ислам дінінің негіздері", "Мәзһаб ұстанудың артықшылығы", "Ислам - асыл дініміз", "Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірі" сынды тақырыптарда 6993 тыңдаушыға уағыз-насихат жүргізді. 

Ал қараша айының 30-да Тараз қаласы бойынша онлайн уағыз-насихатқа жауапты имамдар бекітілген болатын. Атап айтқанда, Хусаинов Алтынбек, Ахметов Ғазиз, Кенжемолдаев Алмас, Ахметов Хамидулла, Ахметов Хамидулла, Бектаев Қасымжан, Сматов Талғат, Ембергенов Амангелді, Хадиметов Абдуахид, Сыбанбай Расылхан, Боханов Наркес, Киікбаев Ералы, Қуанышбеков Қанат, Абдухаликов Сардарбек, Ахметов Арифжан.

Алла Тағаланың "Әли Имран" сүресінің 110 аятында: «Сендер (Уа, мұсылмандар) адамдар үшін шығарылған үмбеттің ең қайырлысы болдыңдар: ізгілікке бұйырып, жамандықтан тыясыңдар, Аллаға сенесіңдер» аятына сай болған ақ шапанды имамдарымыз алдағы уақытта халыққа жүйелі түрде keneshan_gajy және т.б. Instagram, Facebook, YouTube парақшаларында уағыз-насихаттарын жүргізіп отыратын болады. 

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: