#Меркі: Мешіт мүмкіндігі шектеулі анаға үй сыйлады

#Меркі: Мешіт мүмкіндігі шектеулі анаға үй сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Өз үйім өлең төсегім" дейді халқымыз. Сол үйге қол жеткізу де үлкен қуаныш. Алайда әлеуметтік жағдай сан қақтырғанда балалы үй қиын жағдайда күн көріс қамы мен қам тіршілікке малынып қала береді. Осындай мұқтаж жандарға қолғабыс болып, қайырымдылық десе алға ұмтылып шығатын мешіттеріміз бар. Оны халық біледі де, ол үшін шексіз разы. 

Меркі ауданы тағы бір жанұяны жылы үйге кіргізіп, толассыз қуаныш сыйлады. Ойтал ауылының тұрғыны ІІ топ мүгедектігі бар, 2 баланың анасы Мадина Жарылқасынованың шаңырағында бүгін қоныс той. Мешіт демеушілігі атынан 2,5 млн теңгеге үй сатып алып берілді. Ал баспана кілті салтанатты жиында табысталып, лентасы қиылды.

Қашанда жақсылық артынан жақсылығын қоса жүретін аудан өңірдегі тағы бір отбасыға 2 тонна көмір түсірді. 

Барлық іс-шараның басында жүріп, жұртшылықпен кездесіп, дұғасын аямаған аудан имамы Батырбек Қасымалиев мұндай игіліктің әлі де жалғасатынын жеткізді.

 Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: