#Меркідегі қос игі шара тұрғындарды қуантты

#Меркідегі қос игі шара тұрғындарды қуантты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық - адам жанының нұры. Ол көпшіліктің басын біріктіріп, жүрегін жібіте түседі. Мұсылманшылықтың сәнін келтіріп, адамшылықтың мәнін көрсетеді.

Осы бір игі амал Меркі ауданында қуанышқа толы сәттерді еселеуде. Өңірдің Ақтоған ауылында тағы мұқтаж отбасыға баспана берілді. Қалың қыстың кезінде жылы үй, жаңа қонысты болған жанұяның қуанышында шек жоқ. Әуелі, Алла, оған себеп болған мешітке бұл шаңырақтың алғысы мол. 

Тұрғын үй кілті салтанатты шарада табысталып, жиналған көпшілік, дұға тілеп, қарттар батасын берді. Меркі ауданының бас имамы Батырбек Қасымалиев сүбелі сөз сөйлеп, көпшілікке насихатын айтты.

Жақсылыққа жақсылық қосылып, Мыңқазан ауылында тұратын жалғыз басты ананың үйіне газ жүргізілді. Дін мамандары балаларын жалғыз жеткізіп отырған анаға азық-түлігін де ала барды. Мешіт 300 мың теңгені газ орнатуға жұмсаса, азықты көлемді етіп 50 мың теңгеге алып берді. 

Меркі аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: