"Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев "Jambyl" телеарнасының "Әулие-ата" діни-танымдық бағдарламасына қатысты.
Білікті маман "Күмәнді шетелдік діни оқу орындарының зияны" жайлы тақырыпта тартымды әңгіме, сүбелі сөз айтты. Бағдарламаның тізгінін ұстаған журналист еліміздегі діни оқу орындарының сапасы қандай? Жастар неге шейхтардан білім алуға құмар сынды сауалдар қойып, көпшіліктің көкейкесті сұрақтарына мардымды жауаптар алды.
Қазақ даласында ең алғашқы сауат ашу - осы діни білімнен басталған. Талай дүлділдердің көзін ашқан қазақ даласындағы медреселердің бүгінгі даму барысы жайды, онда оқуға түсу үшін не істеу керек, діни білімнің маңызы жайлы мол мағұлмат берілген түсірілімді аталған телеарнадан тамашалай аласыздар.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі