Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы қала бойынша «Жастар ісі» секторына жауапты қызметкері Қайырғали Халметовтың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік» мейрамына орай спорттық сайыс өтті. Маманның қаржылай демеу көрсетуімен, жастар және аға буын өкілдері «гір тасын» көтеруден білек сынасты. Жалынды жастар іс-шараға белсене қатысып, көрермендер мен аға буын өкілдері рухани демеп, сәттілік тіледі.
Қазақта «Күш-атасын танымас» деген мақалды өз ұстанымдары етіп, ешқандай қатысушы жеңіс жолында аянып қалмады. Бар күшін салып, өз қатарынан алға шығуға, жүлделі орынды иемденуге үлкен белсенділік көрсетті.
Алла елшісі де (с.а.с) жастардың дене шынықтырумен айналысуын құп көрген және оны жастарға насихаттап отырған. Бұл сөзімізге өзінің бір хадисінде айтылғандай: «Әлсіз мүміннен қарағанда күшті мүмін Аллаға ұнамдырақ» екені негіз болады.
Жарыс соңында жүлделі орын иелері анықталып, қаржылай ұтыс сыйлығы табысталды. Және жастар келесі жолғы спорттық іс-шарада бүгінгіден де «мықты, қуатты» боламыз деп, жақсы көңілде тарқады.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі