Бүгін Қордай аудандық мешітінде өңір имамдарымен жиналыс жасалды. Жиында биылғы жұмыс барысы қорытындыланып, келер жылға жылдық жоспар құрылды.
Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзегелдиевтың қатысуымен өткен онлайн жиналыста қозғалған мәселелерді ауыл имамдарына жеткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді. Имам-молдаларға мешіт тазалығы, жылы су, суық су, карантин тәртіптерін қадағалау тапсырылды.
Сонымен қатар аудан имамы 2020 жылы үздік деп танылған дін қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады. Діни ахуалдың тұрақталып, дамуы үшін еңбек сіңірген, ерекше белсенділік танытқан мамандарға рақметін айтып, алдағы уақытта да жемісті жұмыс тіледі.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі