Ислам экономикасы өсіп келеді

Ислам экономикасы өсіп келеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі уақытта мұсылман елдері арасында, әсіресе, Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы аймағында сауда айналымы ерекше қарқын алып келеді. Бұл үрдіс қаржы саласында да байқалып отыр. Ал, бұл өз кезегінде ислами сауда-саттықты қаржыландыруға ынталандыруы мүмкін. Кувейттегі қаржы үйінің талдауға құрылған баяндамасында осындай дерек келтірілген. Десе де, әзірге сауда-саттықты қаржыландыру ісі әлемдік қаржы-сауда жүйесімен салыстырғанда ақсап тұрғаны жасырын емес.

Шариғат талаптарымен бизнес-жобалардың қаржыландырылатынын айта кету керек. Коммерциялық қаржы да шариғат талаптары сақталатын бизнестің бір тармағы болып табылады. Осыған байланысты шариғат талаптары сақталатын банктер Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің арасындағы қаржы ағынын бақылай алады.

Әлемдік сауданың жағрафиялық құрылымы бүгінгі таңда дамыған және дамушы экономикаларда кереғар сипат алып отыр. Дамыған елдер ішкі сұраныстың өсуіне қарай әлемдік экономиканың маңызды ойыншысы ретінде алға шыққан.

Кувейт сарапшыларының айтуынша, 2012-2026 жылдар аралығында Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағы бойынша сауда-саттық өсімінің жылдық жиынтық көрсеткіші 131 пайызға жетеді. Ал, әлемдік сауда айналымының орташа көрсеткіші – 86%. 2015 жылға қарай ИЫҰ елдерінің арасындағы сауда айналымының өсу қарқыны 15 пайызға жетуі мүмкін.

2012 жылы ИЫҰ елдері, соның ішінде, Сауд Арабиясы, Малайзия және Түркия елдері арасындағы сауданы қаржыландыруға кететін қаржы 4 млрд долларға бағаланып отыр.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: