Дарға асылған адам қайта тірілді

Дарға асылған адам қайта тірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иран елінде жуырда бір килограмм есірткімен ұсталған, екі баланың әкесі Али Рызаға өлім жазасы беріліп, оған сот отырысы «дарға асу» туралы шешім шығарған еді. Сот үкімі осы айдың басында Боджнурд қаласында жүзеге асып, оны дарға асқан болатын. Үкім орындалған сәттен 12 минут өткен соң түрме қызметкерлері Али Рызаны өлді деп моргқа апарып тастайды. Алайда, ертесі күні морг қызметкерлері әлгі адамның бойынан жаны шықпағанын көріп таң қалысты.

Бұл хабарды түрме билігі тосырқай қарсы алса, туыстары шаттыққа бөленді. Бірақ олардың қуанышы көпке созылмады. Өйткені, жергілікті сот органдары оның қайтадан дарға асылатынын айтқан еді. Бұл жағдайға Ұлтаралық Кешірім Ұйымы да арласып, Иран билік органдары сот үкімін қайта талқылауға жібереді. Нәтижесінде, кеше Иран Әділет Министірі Мұстафа Пүрмұхаммад «бір мәрте ажал тырнағынан аман қалған адамды екінші рет дарға асудың қажеті жоқ» деп, Али Рызаның екінші рет дарға асылмайтындығы туралы БАҚ өкілдеріне мәлімдеме жасады.

 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: