Мұсылмандардың мерейі үстем түсті

Мұсылмандардың мерейі үстем түсті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бокстан Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов AIBA рейтингісі бойынша жылдың ең шебер жаттықтырушысы, ал Данияр Елеусінов жылдың ең үздік боксшысы деген атаққа ие болды.Мырзағали Айтжановтың жетекшілік етуімен ұлттық құрама Алматы қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарып, сегіз медалды қанжығаларына байлады. Олардың төртеуі – алтын, екеуі – күміс және екі қола медал.

Данияр Елеусінов 69 келіге дейінгі салмақ категориясында өнер көрсетіп, ақтық сында кубалық Арисноидис Дэспейнлді ойсырата жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Қазақстандық өзге боксшылар да жанкүйерлерін жерге қаратпады. Даниярмен қатар Біржан Жақыпов (49 келіге дейінгі салмақ категориясында), Мерей Ақшалов (64 келіге дейінгі салмақ категориясында), Жәнібек Әлімханұлы (75 келіге дейінгі салмақ категориясында) әлем чемпионы атанды. Ал, күміс жүлдеге Әділбек Ниязымбетов (81 келіге дейінгі салмақ категориясында) және Иван Дычко (91 келіге дейінгі салмақ категориясында) ие болды. Үшінші орынға Қайрат Ерғалиев (56 келіге дейінгі салмақ категориясында) және Берік Әбдірахманов (60 келіге дейінгі салмақ категориясында) табан тіреді. Бұл жалпы командалық есепте тұңғыш рет бірінші орынды алып берген әлем чемпионатындағы қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің сәтті жетістігі болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: