Жамбыл облысы әкімдігі Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен Діни бірлестіктердің кезекті жиналысында Тараз қаласының имамдары алғыс хатпен марапатталды.
Діни ахуалды реттеу, жат ағым ұстанушыларымен жұмыс жасау барысында ерекше белсенділік танытып, нәтижелі жұмыс көрсеткені үшін "Құлбай баба" мешітінің бас имамы Амангелді Ембергенов, "Асым ата" мешітінің бас имамы Хамидулла Ахметов марапатталды.
Алғысты Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров табыстап, дін мамандарына жемісті жұмыс, отбасыларына береке тіледі. Сонымен қатар осындай білікті мамандардың қатарда болғанына қуанышты екенін жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі