Тараз шаһарында тағы бір дәмхана "Халал" сертификатын алды

Тараз шаһарында тағы бір дәмхана "Халал" сертификатын алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халықтың адал асқа сұранысы арта түскен сайын Тараз шаһарында "Халал" стандартына сәйкес өнімдер мен дәмханалар саны күннен-күнге артып келеді. Осындай кезекті сертификатқа ие болған тағам даярлау орны - "Day day chicken".

ҚМДБ "Халал даму" Жамбыл облысы бойынша өкілі Нұрматжан Миразазов аталған тағамдану орнына арнайы барып, тексеріс жұмыстарын жүргізді. Дәмхананың тазалығына, ас даярлауы мен онда қосылып жатқан өнімдерге аса назар аударды. Айта кетейік, асқа пайдаланатын азық-түліктер ең әуелі зертханалық тексерістен өтіп, сондан кейін өкілдің келуімен екінші бақылау жұмыстары жүргізілді. 

Барлық талаптарға сай деп танылған дәмханаға "ҚМДБ халал" сертификаты табысталды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: