Қордай ауданына жаңа имам болып тағайындалған Асқар Зәкіржанұлы кезекті жиынды Масаншы, Сортөбе, Ауқатты ауыл имам-молдаларымен өткізді.
ҚМДБ тарапынан және облыстық мешіт тарапынан берілген тапсырмалармен таныстырып, алдағы уақытта белсенділікпен жұмыс атқару керектігін міндеттеді.
Мешіт тазалығын үнемі назарда ұстап, карантин талаптарына айырықша тоқталып өтті. 2020 жылы белсенді қызмет атқарған имамдарды марапаттап, істеріне береке біледі. Жаңа тағайындалған аудан имамына ақсақал имамдар ақ батасын берді.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі