Діни бірлестіктердің кезекті отырысы өтті

Діни бірлестіктердің кезекті отырысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен кофессияаралық келісім мен татулықты нығайту мақсатында құрылған "Діни бірлестіктер басшылары Клубының" кезекті отырысы өтті. 

Жиында облыстағы діни бірлестіктер мен филиалдардың басшылары мен өкілдері, құқық қорғау және өзге де органдардың қызметкерлері қатысып, дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. 

Аталған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзегелдиев арнайы шақыртумен қатысып, "Өңірдегі дінаралық татулықты нығайту және Қордай ауданындағы діни қатынастарды реттеу бағытында атқарылған шаралар туралы" баяндама жасады. Тараз қаласы "Құлбай баба" мешітінің бас имамы Амангелді Ембергенов, "Асым ата" мешітінің бас имамы Хамидулла Ахметов те жиында болды.

Шарада дін бағытында жасалған жұмыстар сөз болып, бірнеше баяндама тыңдалды.

Бас имам Бейбіт Мырзагелдиев діни ахуалды жіті бақылауда ұстап, діни бағыттағы жұмыстардың сапасын жақсарту мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы өз сөзінде: "Діни тұрақтылығымызға нұқсан келтіретін еліміздегі деструктивті  ағымдармен күрес күн тәртібімізден түскен емес. Мешіттеріміз Діни оңалту жұмыстары бағытында  6907 адам қатысқан 202 жалпы кездесу; 168 жеке кездесу; 5 түзеу мекемесіндегі 188  жеке кездесу, 28 жалпы кездесу өткізіп, оған 474 адам қамтыды. 36-ға жуық мақала, видео жарияланды. Жеке кездесу нәтижесінде 27 азамат дәстүрлі бағытқа қайтып, қазіргі уақытта 26 азамат ханафи мазхабына бейімделуде. Түзеу мекемелерінде 26 сотталушы дәстүрлі бағытқа оралып, 13 адам бейімделу үстінде, - деп мысалдар келтірді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: