ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Жамбыл облысы, Қордай ауданының бас имамы болып Асқар Зәкіржанұлы тағайындалды.
Жаңа бас имамды Қордай жамағатына ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев таныстырып, Бас мүфтидің бұйрығын оқып берді. Ал бұған дейін ауданның бас имамы қызметін атқарған Дәурен Нұржанұлы Құттыбаев аудандық «Қордай» мешітіне наиб имам әрі «Қордай» құран қариларын дайындау орталығына ұстаз болып тағайындалды.
Бас имам Бейбіт Мырзагелдиев аудандағы өзгерістердің мүфтияттың жұмысына оң серпін беретінін, бейбітшілікпен келісімді нығайтуға сенім білдіріп, имамға жұмыс бағыттарын түсіндіріп, қызметіне табыс тіледі.