Жылдық жоспар талқыланды

Жылдық жоспар талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысының рухани жүрегі "Һибатулла Тарази" мешітінде өңір имамдарының онлайн жиналысы өтті. 

Жиынға облыстық мешіттің наиб имамдары мен қала, аудан имамдары қатысты. Жылдық жоспарды құру үшін барлық мамандармен кеңесіп, пікірлерін тыңдау мақсатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев басқарған бас қосуда ағымдығы жылды саралай отырып, келер жылда көтерілетін мәселелер мен басым бағыттар анықталды. 

Білім беру, уағыз-насихат, зекет, жастар ісі секторы, әйел-қыздар секторы, оңалту ісі, мешіт істері бойынша түрлі ұсыныстар айтылып, жоспардың нобайы жасалды. Алдағы уақытта оны пісіріп, нақтылау күтілуде. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА 

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: