Халал индустрияның халықаралық орталығына айналуда

Халал индустрияның халықаралық орталығына айналуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Малайзиялық Пенанг штаты халал индустрияның халықаралық орталығына айналуы мүмкін. Мұндағы халал саласында жұмыс істейтін компаниялардың саны 2008 жылы 55-тен қазіргі уақытта 565-ке дейін артқанын айта кету керек. Бұл компаниялар халал өнімдерін өндіріп қана қоймай, сонымен қатар, аса маңызды экспорт және импорт орталығына да айналуы бек мүмкін.

2008 жылдан бері Пенанг штатындағы халықаралық халал орталығына жетекшілік етіп келе жатқан Дін істері, ішкі сауда айналымы және тұтынушылар ісі жөніндегі комитет төрағасы Датук Әбдімәлік Әбілқасымның айтуынша, халал саласына инвесторлар 500 млн ринггит мөлшерінде қаржы құйған.

 

Сондай-ақ, ол Пенанг штатында тек халал орталығын құрып қана қоймай, оны халал айлаққа айналдыруды жоспарлап отырғандарын жеткізді. 

 

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: