Әзірбайжан елінің Сұмғайыт қаласындағы «Кярван» деп аталатын сауда орталығында адам нанғысыз таңғажайып оқиға болды. Бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, отқа оранған сауда орталығындағы тауарлардан түк қалмай жанып кеткен. Бір қызығы, қасиетті Құранға зәредей зиян келмеген.
«Кярван» сауда орталығын қазан айының 19-ы күні жергілікті уақыт бойынша 19:00-де өрт шалғаны белгілі болды. Жалыны бет қаратпаған лаулаған өрттің күштілігі сондай, оны сөндіру үшін қаланың бір емес, бірнеше техникасы жұмылдырылған екен.