Алпыстан әлдеқашан асып кеткен пәкістандық азамат өздігінен жүріп-тұра алмайтын қарт анасын қажылық кезінде арқалап жүріп, парызын орындады.
«Өзінің де жасы келген оның бұл әрекетіне қатты тебіреніп, толқығанымды жасыра алмаймын», – дейді Саиф Мұхаммед әл-Қаһтани есімді саудиялық қажы. – Көрген кезде көңілім босап, көз жасымды тия алсамшы. Анасына деген мұндай құрмет пен сүйіспеншілікті көргеніме қуандым».