Үйсіз адам - жарты жетім сияқты. Ал елімізде ондай отбасылар көп. Сондықтан Жамбыл облысының мешіттері баспанасы жоқ мұқтаж жанұяларға қазақтың дәстүрі бойынша асарлатып үй салып беруді қолға алғаны белгілі. Осындай бір игі кезекті шара Меркі ауданында орын алды. Бүгін қос бірдей әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баспаналы болды.
Қуанышты шараға күннің суығына қарамастан жиналған қауым жаңа шаңыраққа қоныстанғандарға жылы лебіздерін білдірді.
Қайырымдылықты арқау еткен жиында ауданның бас имамы Батырбек Қасымалиев сөз сөйлеп, мейірімділік жайлы сүбелі сөз айтты. Балалар өсиетінен аталы сөз, нақылдарды келдірді. Сонымен қатар отбасыларға салтанатты түрде үй кілтін табыстады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі