Тараз қалалық «Кенесхан қажы» мешітінің наиб имамы және «Жастар ісі» бойынша жауапты қызметкер Халметов Қайырғалидың ұйымдастыруымен қала жастары ұлы мүгедек болған әпкемізге қайырымдылық жасады.
Еміне шипа тілеп, ешуақытта да қайғыға берілмеуін айтып, жанына демеу болып қайтты.
Алла Тағала жақсылыққа жаны құмар жастарымызды арттырып, келер ұрпақтың салихалы да хайырлы болуын жазсын.
Тараз қалалық «Кенесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі