Тараз қалалық имамдары карантин кезінде әлеуметтік жағдайы жағынан қиналған отбасыларға қаржылай және азық-түліктей қайырымдылық жасап, қол ұшын созды.
Атап айтқанда «Кеңесхан қажы», «Әл-Әділ», «Әзіреті Әли», «Жамбыл Жабай» мешіті имамдары жамағатынан белді азаматтар көмегімен 3 отбасына азық-түліктей, мешітке жағдайын айтып садақа сұрап келкен кісіге қаржылай және күннің ыстық-суығына қарамай бала-шағасы қамы үшін жұмыс жасап жүрген «Жасыл-ел Тараз» қызметкерлерінен 11 отбасына азық-түліктей жәрдем берді.
Сонымен қоса үйін өрт жалмаған Тараз қаласы тұрғынына «Жамбыл Жабай» мешіті имамы мен жамағаты қолдарынан келгенше қаржылай көмекпен кілем сыйлап, отбасын сабырға шақырып, Алладан жәрдемші болуын сұрап дұға қылды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі