Пайғамбарымыз (ﷺ): "Кімде-кім бір тал ексе, Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады" дейді. Қазақ халқы артыңда мал қалғанша, тал қалсын деп текке айтпаса керек. Біле білсеңіз, оның мән-мағынасы исламда жатыр.
Тал отырғызудың сауабын білген ел мешіттерінің ауласында жыл сайын көптеген ағаштар бой көтереді. Кезекті көшет отырғызу шарасы Жамбыл облысының рухани жүрегі "Һибатулла Тарази" мешітінде өтті.
Алла үйінің ауласына 50 түп арша мен 50 түп туя егілді. Айта кетейік, тұтас тәжі бар бұл туя ағашы кез келген ауланы безендіреді. Оның керемет жасыл тәжінен басқа, хош иісі қуантады, өйткені ағашында хош иісті эфир майлары бар.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі