Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың басшылығымен "Халал стандарты" жұныстарына қатысты жиын өтті. Шарада жоспар бойынша жасалып жатқан шаралар легі талқыланып, сертификаты бар өнеркәсіптерге жүргізілетін кезекті тексеру жұмыстары сөз болды.
"Тараз қаласы бойынша мешіттер 5 аймаққа бөлінген. Осы аймақ имамдары кез келген күтпеген жағдайда өнеркәсіпке тексеріс жүргізуі тиіс. Осылайша, арнайы уақыттардан бөлек кезеңде халал сертификатын алған кәсіп орындарды аралау арқылы, расында бұл бағамға лайықтылығына көз жеткіземіз" - дейді облыс имамы.
Аталған мақсатта тапсырмалар жүктеліп, жасалатын шаралар тәртібі жіліктелді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі