Белсенді жастар мен имамдар футбол ойынында жүздесті

Белсенді жастар мен имамдар футбол ойынында жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласының белсенді жастары мен дін мамандары "Достық life" спорт алаңында кездесті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен өткен кіші футбол ойыны өте тартысты, әрі қызықты өтті.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші, жастар өз өнерлерін көрсетіп, спорттық додада шынықты. 

Мұндай іс-шаралар жамағаттың бірлігін арттырып, ауызбіршілігін қуаттайды. Дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді. Өз нәпсісін жеңуге, өз денесін өзіне бағындыруға жәрдемдеседі. Әділетті халифалардан болған Омар Әл-Хаттаб: «Өз балаларыңа садақтан оқ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», – деген хадисті жеткізген.

Карантин себептеріне байланысты көптен бері енді бас қосқан жастар бұл кездесу ерекше қызықты өткенін жеткізді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: