Ауыл молдаларын оқыту курсы басталмақ

Ауыл молдаларын оқыту курсы басталмақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" мешітінде бос орындарға сайланатын ауыл молдаларының жиналысы өтті. Шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен наиб имамы Ғалымбек Жапек жүргізді. 

Дін маманының білім деңгейі турасында өткен бас қосуда ҚМДБ жүргізіп отырған саясат жайы түсіндірілді.

"Дін мәселесін дұрыс түсініп, дұрыс жеткізу аса маңызды. Алдағы уақытта мешіттерге молдалар ауылдың сайлауымен емес, аудан имамының ұсынысымен, Бас мүфтидің бұйрығымен тағайындалатын болады" - деп Бейбіт Әліпбекұлы діни біліктіліктің басты талап болып отырғанын жеткізді. 

Дін мамандарын қызметке тағайындау алдын олар емтихан тапсырады. Сынақ барысында тек діни білім ғана емес, заң және басқа да салаларды білуі ескеріледі. Рухани бағыттаушы саналатын имам-молдалардың жан-жақты болмағы керек. Халықтың ішінде діни рәсімдерді дұрыс жүргізе алуы, жаназа мәселесінде халыққа дұрыс қызмет көрсету керек. 

Осыған байланысты ұйымдастырылып отырған 1 апталық молдалар курсында  ислам тарихы сынды пәндерден сабақ жүргізіледі. Осы аралықта қатысушылар білімдерін шыңдап, қажетті құжаттарды басшылыққа тапсырады. 

Молда қызметіне таңдалған адамның тек білімі ғана емес, 10-11 жылдық мектепті бітіргендігі, орта, жоғарғы оқу орны туралы дипломы, медициналық анықтамасы, психологиялық жағдайы, барлығы қаралады. Сонымен қатар тағайындалушының талаптарға толық сай болуын ҚМДБ өзі жіті қадағалайтын болады.  

Осындай қатаң талаптар түсіндірілген жиында діни қызметтің жауапкершілігі, құндылығы тілге тиек болды. 

Күні ертең басталғалы отырған дәрістердің маңызы мен жоспары беріліп, молдаларға тапсырмалар жүктелді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: