#Қордай жеріндегі «ҮМБЕТІҢ САҒЫНДЫ Я РАСУЛАЛЛА...» атты мәуліт кеші

#Қордай жеріндегі «ҮМБЕТІҢ САҒЫНДЫ Я РАСУЛАЛЛА...» атты мәуліт кеші

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт айы жер-жерлерде мерекеленіп, Алла елшісіне сансыз салауаттар жолдануда.  Қордай аудандық мешіті де  қыздар арасында  пайғамбар (с.ғ.с.) ғұмырынан ғибрат алу үшін аудандық мешітте «ҮМБЕТІҢ САҒЫНДЫ Я РАСУЛАЛЛА...» атты рухани-танымдық кеш ұйымдастырып, көрініс қойды.

Мешіт ауласына пайғамбырымыз туралы тарихи тұлғалардың тамсанған сөздері, орталық көше бойына мәуліт мерекесіне арнайы баннер ілінді.  

Мерекелік шарада Алла елшісінің (с.ғ.с.) ғибратты ғұмыры тілге тиек болып, бойды шымырлатар ұлы мұғжиза Құран аяттары оқылды. Әйелдер жамағаты адамзаттың асыл тәжін еске алып, бірге салауат-сәлем айтты. 

 Көпшілікке ерекше әсерін берген жиын жүректердегі сағынышты сыртқа шығарып, рухани қуат алуға мүмкіндік берді. 

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: