Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың басшылығымен облыс имамдарының жылдық қорытынды есеп беру отырысы өтті.
Алқалы жиында облыстағы аудан, қала мешіттерінің жыл бойы атқарылған шаралар есебі көрсетіліп, бас имамдар баяндама жасады.
Бас қосуда ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни меркелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, «Һибатулла Тарази» мешітінің ресми «asyldin.kz» сайтының жұмыстары, «Әйелдер-қыздар» секторының жұмыстары, және теріс ағыммен күрес бағыттары, облыстағы мешіттердің жағдайы бойынша жалпы мәлімет беріліп, слайд және есептік журналдар ретінде көрсетілді. Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелер, карантин талаптарының сақталуы, онлайн дәрістер жайы талқыланды.
Айтылған шаралар есебіне қатысты бас имам Бейбіт Мырзагелдиев жалпы оң бағасын беріп, имамдардың еңбектеріне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайы ескертіліп, келесі жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды. Сонымен қатар, осы тыңдалған жылдық қорытынды есебінің ішінде алғашқы үштікке шығып, Жамбыл, Меркі, Байзақ аудандарының атқарылған жұмыстары ең үздік деп танылып, жоғары бағаланды.
Жиналыс соңында бас имам Бейбіт Әліпбекұлы ерекше еңбегімен көзге түсіп, оқ бойы озық тұрған аудандарға мақтау қағаздарын табыс етіп, алғысын айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі