Мәуліт оқыту – сан ғасырдан бері бабаларымыз дәстүрге айналдырған арда құндылықтарымыздың бірі. Тәуелсіздік алғаннан кейін аталған құндылық қайта жаңғырып, мазмұн жағынан да, формасы жағынан да толығып, халықтық мерекеге айналып үлгерді.
Адамзаттың ардақтысы пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келуі - Мәуліт мерекесі Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінде аталып өтті.
Өңірдің бас имамы Батырбек Қасымалиев бастаған ауыл имамдарының қатысуымен мәуліт жыры оқылып, пайғамбарымызға салауаттар айтылды.
Мәуліт жырынан соң қасиетті Құран аяттары оқылып, ардақты Алла Елшісіне, Оның отбасына және барша марқұмдарға сауабы бағышталды. Елімізді індеттен арылтып, жамағат намаздарын оқитын күнге жеткізе гөр деп тілек жасалды.
"Меркі-ата" мешітінің баспасөз қыметі