#Меркі ауданында "Әжелер мектебі" құрылды

#Меркі ауданында "Әжелер мектебі" құрылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ұрпаққа игілігімен имани тәрбиесін беріп, түйіткілді істе шешім бола білген, дәртүріміздің жаршысы ақ жаулықты аналар ізімен бүгін Меркі ауданында "Әжелер мектебі" құрылды. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзегелдиевтың тапсырмасымен, ауданның бас имамы Батырбек Қасымалиевтың ұйытқы болуымен ашылған ұйымның бүгін алғашқы ресми жиыны өтті. 

Шарада оның мақсат-міндеттері түсіндіріліп, жоспары талқыланды. Орталық мешіттен "ақыл-кеңес" бұрышы жасалып, ашық сабақ жүргізілді. 

Мешітке келген жамғат, қыз-келіншектер мұнда отбасылық мәселелерінде үлкендерден ақыл сұрап, шаңырақтың ұйытқысы болуды, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты түзету жолдарын біле алады. 

Жастарға тәлім-тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, дін мен салт-дәстүр сабақтастығын насихаттайтын ақ жаулықтылардың төрайымы болып Ақбөпе Жазықбаева тағайындалды.

Аудандық "Әжелер мектебіне" мешітте бес уақытын жібермей оқып жүрген және ауылдағы белсенді, діни сауаты бар 12 апа мүше болды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: