Адамзаттың асыл тәжі болған ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүние есігін ашқан айы - Мәуліт мерекесінің құрметіне салауаттар айтып, өнегелі ғұмырын насихаттау Әулиеата жұртшылығының дәстүріне айналған.
Осыған орай "Ар-Рахман Ар-Рахим" мешітінде бас имамы Қанат Жұмағұл мен наиб имамы Нұрматжан Миразизовтың қатысуымен "Мәуліт жыры" оқылды. Шараға арнайы келген "Әулиеата" мешітінің имамы Ораз Баймаханов екі тілде салауат оқыса, "Әбу Бәкір ас-Сыддық" мешітінің имамы, қари Қасымжан Бектаев құран аяттарын оқыды.
Имамдар Аллаға шүкіршілік, пайғамбарымызға мадақ айтып, ел амандығы үшін дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



07 Қараша 2025
16 Джумада-авваль 1447

