Қайырымдылық - адам мен адамға жылулық, қоғамға мейірім, жүрекке махаббат сыйлайтын ізгі амал. Ал осы бір игілікті өзіне мақсат етіп алған еліміздің мешіттері мүмкіндік келе болды мұқтаждарға жәрдем беруге асығады.
Кезекті шарада Меркі ауданының 2 тұрғынына көмек көрсетілді. Өңірдің бас имамы Батырбек Қасымалиев өзі арнайы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың хал-жағдайын сұрай барып, азық-түлік, мешіт атынан кілем сыйға тартты.
Жанұя имамның келгеніне қуанып, жасалған көмек үшін алғыстарын жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі