Жамбыл облысының бас имамы бекіткен жылдық жоспарда үнемі мешіттердің тазалығын сақтау мен әрілеу жұмыстарын жүргізіп, мешітті жақсы жағдайда ұстап тұру тапсырылған болатын. Тапсырмаға сәйкес, Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Амантай Әбілдаұлының қолға алуымен, мешіттің үлкен залындағы терезелерге перделер ілінді. Перделер арнайы тапсырыс арқылы қазақи нақыштағы оюлармен өрнектеліп тігілді. Жалпы сәндеу жұмыстары 670 000 теңгені құрады.
Хадисте: «Алла тағала өзі сұлу, әрі сұлулықты жақсы көреді» деп айтылғандай, сәнді перделер құлшылық орнының ажарын ашып, жамағатқа да жақсы көңіл-күй сыйлары анық.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі