АТТ мүшесі, "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев Т.Рысқұлов ауданына іс-сапарға барды.
Сапар барысында маман ауданың орталық мешітінде жамағатпен, тұрғындармен кездесу өткізді. Жат ағымның қоғамға алып келетін зияны, оны дәстүрлі дінімізден қалай ажыратуға болады, теріс ағымға қосылып кетпес үшін діни білімнің болуы, иммунитет қалыптастыру сынды сұрақтарға жауап беретін сүбелі насихат айтты.
Сонымен қатар, карантин шараларының күшейтілуіне орай, мешітке келу тәртібі, намаз оқудағы арақашықтық, тәртіп-ережелер, сақтық шаралары жөнінде де тілге тиек етті. Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, нақты жауаптар ала алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі